• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2011

Тәуелсіздікті қалыптастырған тұлға

414 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагоги­калық университетінде ел тәуелсіздігінің жиырма жыл­ды­ғына арналған «Тәуелсіз Қа­зақ­сан Республикасының негізін қалаушы – Президент Н.Ә. На­зар­баев» атты тарихи танымдық іс-шара өтті. Студенттер мен про­фес­сор-оқы­ту­шылар алдында көр­некті мемлекет және қоғам қай­раткері, Президенттік мәдениет орталығының дирек­торы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жол­дасбеков дәріс оқып, Прези­дент­тің өне­гелі істері жайлы көр­ген-білген­дерімен бөлісті. Елбасы өмірінен сыр шертетін деректі фильм көрсетілген соң баяндамашы Тәуел­сіздік тағды­рын, игі істің басы-қасында жү­ріп, еліне егемендік алып берген Мемлекет басшысы істерін егжей-тегжейлі түсіндірді. – Қазір, құдайға шүкір, ата салтымыз, дәс­түріміз, тіліміз қай­тып келді, – деді ол. – Ру­хы­м­ыз көтерілді. Сондықтан, бүгінгі ұр­пақ өте бақытты ұрпақ деп ой­лаймын. Осылар тәу­­ел­сіздіктің қа­дірін өте жақсы білуі керек. Тәу­ел­сіздік тағылымын тану – елдегі әр аза­маттың міндеті. Әсі­ре­се, егемендіктің тари­хын, ел ерте­ңін аманаттар жастарымыз білуі шарт. Мағыналы кеште Мырзатай Жол­дас­беков­тің әндері мен күй­лері шертілді. Жиналған көпшілік Президент Нұрсұлтан Назарбаев шығармалары мен Елбасына ар­нал­ған еңбек­тердің кітап көр­ме­сін тамашалап, тәуелсіздік тағы­лым­дарына қанықты. Кешті атал­мыш оқу орнының ректоры Серік Пірәлиев жүр­гізіп, жастарға ос­ын­дай тағылымды да әсерлі әң­гіме сыйлаған профессор Мырза­тай Жолдасбековке жиналған жұрт­шылық атынан ризашылық білдіріп, рахмет айтты. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, Алматы.