• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2018

Ақ үйдің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесу өткізетінін хабарлады

367 рет
көрсетілді

Американың бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі аптада АҚШ-қа сапарлайтыны туралы хабар таратты.

Ақ үйдің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың 16 қаңтарда кездесу өткізетінін хабарлады. Кездесу барысында Мемлекет басшылары екіжақты стратегиялық әріптестікті тереңдету және күшейту мәселесін, соның ішінде өңірлік және экономикалық ынтымақтастықты талқылайды. Трамп пен Назарбаев, сондай-ақ, бірқатар халықаралық мәселелерді, соның ішінде Қазақстан БҰҰ ҚК Төрағасы ретінде ұшырасып отырған Ауғанстандағы жағдайды талқыламақ.

Соңғы жаңалықтар