• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қаңтар, 2018

Сенат депутаттары Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады

488 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Михаил Бортник, Дулат Құсдәулетов және Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесуде аймақтың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды.

Е. Тоғжанов депутаттарға өндірістік, көліктік және инфрақұрылымдық ірі жобаларды іске асыру барысы туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Құрық портының қуаты елеулі түрде ұлғайды, жылына 2 миллион тонна жүк тасымалына есептелген жаңа паром кешені іске қосылды. Ішкі туризмді дамыту мақсатында «Ата жолы» автомобиль жолын жаңғырту жұмыстары басталды.

Депутаттардың өтініші бойынша аймақ басшысы «Қошқар Ата» қалдық сақтау қоймасының топырақ құнарын қалпына келтіру жұмыстары және Басқұдық ауылының аумағындағы 8,2 гектар алаңды құрайтын жасыл аймақ қалыптастыру туралы айтты. Бұл аймақтың табиғатын тұрақтандыруға және экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сенаторлар Маңғыстау облыстық прокуратурасында өткен кеңесте конституциялық реформалар мен заңнамадағы өзгерістерді іске асыру жайын да талқылады. М. Бортник, Д. Құсдәулетов және Б. Шелпеков қылмыстық және әкімшілік заңнамасын ізгілендіру жөніндегі Парламенттің жұмысы туралы әңгімелеп берді. Шара барысында бизнес қауымдастықтары мен логистиканы жақсартуға байланысты мәселелер де талқыланды.