• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қаңтар, 2018

Бектас Бекназаров: Жолдауда заң үстемдігіне ерекше маңыз берілді

596 рет
көрсетілді

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында ел дамуына қатысты ең негізгі 10 басымдықты атады.

Солардың қатарында заң үстемдігіне ерекше маңыз берілді. Мен 30 жылдан астам судьялық қызметте болған маман ретінде Елбасының заң үстемдігіне үнемі назар аударуының төркінін жақсы түсінемін. Біз 2030-2050 жылдарға стратегиялық даму жоспарын құрып отырған елміз. Осы жылдар ішінде елімізді ең дамыған елдер қатарынан көргіміз келеді. Ал оған қол жеткізу үшін заң үстемдігін орнатудың маңызы зор. Олай болмаған елде –   экономикалық даму болмайды. Соттың әділетті әрі тәуелсіз болуы, құқық қорғау қызметі саласының неғұрлым ашық, қызметі халыққа қолайлы болуы да басты мәселе.

Елбасы Жолдауда сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылып жатқанын, заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілгенін, адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейгенін, құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалғанын айта келіп, болашақта азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін міндеттеп отыр.

Мен Елбасы Жолдауындағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керектігі туралы тапсырмасын бүгінгі күннің қажеттілігі және уақыт тынысын дөп басқан шешім деп білем. Олай дейтінім, өткен аптада мен бірқатар әріптестеріммен Қызылорда облысында болып, халықпен жүздестім, пікірлерін тыңдадық. Сапар барысында жедел және айқын құқықтық қызмет көрсету мақсатында құрылған Құқық қорғау қызметі орталығының жұмысымен таныстық. Азаматтарға құқықтық мәселелерді шешуде кешенді түрде көмек көрсететін білікті мамандар – прокурор, адвокат, медиатор, әкімдік өкілдері қызмет ететін Орталық қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жабдықталған. Келушілерге жайлы жағдай жасалған.

Сондай-ақ қалада 500-ге жуық камера жұмыс істейтін бейнебақылау жүйе­­­сімен таныстық. Бұл құрылғылар қылмыс деңгейін төмендетуге үлкен мүм­кіндік беріп отыр. Осы жаңалықты елі­міздің басқа да өңірлеріне кеңінен таратуды ұсынған едік. Бүгін тура осы, бейнебақылау және басқа да интеллектуалдық жүйелерді енгізу мәселесі Жолдауда айтылғанын көріп, Елбасының ел тынысын терең сезініп отырғанына куә болдық.

Біз осы өткен жылы желтоқсан айында ғана осы құқықтық қорғау органдарының қызметін жаңғырту туралы жаңа заң қабылдадық. Заңның мақсаты - әрбір азаматтың - мейлі ол айыпталушы, жәбірленуші, куә, шағымданушы болсын барынша тиісті жағдай жасауекені нақтыланды.

Бұл жарияланған Жолдау – біздің еліміздің одан әрі қарай әлеуметтік, экономикалық дамуына серпін беретін маңызы зор Жолдау деп есептеймін. Парламент қабылдаған заңдары арқылы бұл Жолдауды жүзеге асыруға еңбектенеді деп сенемін.