• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2018

Сенат депутаттары Павлодар облысына келді

257 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатовтың Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен кездесуі барысында аймақтың тыныс-тіршілігі туралы айтылды және тұрғын үй құрылысы мен денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ су құбыры желісін жаңғырту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.     

 

М.Көбенов Ертіс өңірінің экон­омикалық даму қарқынын жоға­ры бағалады және әлеуметтік ма­ңызы зор жобаларды іске асы­р­у­ға қажетті әзірлік туралы айтты.

Сенаторлар Павлодар ауданын­дағы Луганск ауылында аймақ­тағы ірі өндірістік кооперативтердің бірі – «Луганск» тауарлы сүт фермасының құрылысында болды. Кәсіпорын жетекшісі Петр Кузьменко депутаттарды нысан құрылысы туралы хабардар етті. 316 мүйізді ірі қара малға арналған кәсіпорын жобасының жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы