Табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада бірінші және екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайтыны хабарланды. Назарларыңызға "Егемен Қазақстан" тілшісі Ерлан Омардың бүгін Астана көшелерінде түсірген суреттерін ұсынамыз.