• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2018

Астанада Аграрлық университеттің шатырын жел ұшырып кетті

310 рет
көрсетілді

Астанада екпінді жел С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бас ғимаратының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бұл мәліметті университеттің баспасөз қызметі растады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін, қазір аталған ғимараттың маңайы қоршалған. Жөндеу жұмыстары ауа райы түзелген соң сақтандыру есебінен жүргізілетін болады. «Сабақ мәселесіне келсек, қазір сессия кезі, толыққанды оқу процесі жүріп жатқан жоқ. Тек, түске дейін студенттер бақылау жұмыстарын тапсырып, үйлеріне қайтып кетті», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.