• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2018

Маңғыстауда Жолдаудан туындайтын міндеттер сараланды

371 рет
көрсетілді

Ақтауда  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы» актив жиналысы өтті.

Актив мәжілісіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттарының депутаттары, қалалар мен аудандар мәслихаттарының хатшылары, құқық қорғау органдарының, облыстық және аумақтық мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың басшылары, құрметті азаматтар мен ардагерлер, саяси партиялардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жəне жастар қатысты.

Жиын ашылуында облыс әкімі Ералы Тоғжанов биылғы Жолдаудың негізгі 10 бағыты бойынша маңғыстау өңірінде туындайтын міндеттерді атап өтті.

Актив жиынында сөз сөйлеген «Агророст» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсәуле Жайынбаева Маңғыстау облысында ауылшаруашылық, аграрлық секторға қатысты жаңа жұмыстардың басталатынын айтса, Маңғыстау облыстық ауруханасының видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі,  медицина ғылымдарының кандидаты Талғат  Мұқантаев облыстағы эндоскопиялық хирургияның ахуалы және Жолдау аясында келешекте атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде туралы баяндады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы