• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2018

ОҚО-да 76 мекемеде 3087 шетел маманы жұмыс істеуде

179 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбековтың мәлімдеуінше, еңбек заңнамасы көбіне жұмысқа қабылданған қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалмауы, еңбек шартын заңсыз бұзушылық, жалақының уақытылы төленбеуі сияқты фактілер бойынша бұзылуда.

 

Сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтар жұмыс берушілердің ҚР еңбек заңнамасын білмеуі, оны оқып-үйренуге талпынбауы, жұмыс берушілердің осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеуі салдарынан да орын алуда. Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы былтыр өңір кәсіпорындары мен мекемелерінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында 1027 тексеру жүргізілгенін мәлім етті. Нәтижесінде 1308 заң бұзушылық анықталып, оның 1276-ы жойылған. Басқарма басшысының айтуынша, анықталған заң бұзушылықтардың негізінде орындалуы міндетті 674 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 19 717 610 теңге көлемінде айыппұл салынған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 76 мекеме тіркелген. Бұл мекемелерде 27 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматтары және 3087 шетел маманы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, былтыр басқарма 2500-ге жуық азаматтың арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттарын қарап, олар бойынша заң аясында шаралар атқарған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы