• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2018

Бірлестіктер бірегейлікке шақырады

305 рет
көрсетілді

Тараз қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшы­лы­ғының ұйымдастыруымен «Біз – Қазақстан халқымыз» атты облыстық фестивалі өтіп, онда облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен Тараз қаласының көркемөнерпаздары өнер көрсетті. 

Өткен жылы атқарылған жұмыс аз болған жоқ. Осы орайда өңірдегі бі­­ре­гейлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан Жамбыл облысы әкімі аппа­ратының «Қоғамдық келісім» ме­кемесі жанынан құрылған ақсақал­дар, аналар кеңестерінің мүшелері мен ғы­­лыми-сараптамалық топ, өңірдегі ме­­­диация институтының өкілдері мен шығармашылық ұжымдар, сон­дай-ақ этномәдени бірлестіктер және «Ақ­желкен» жастар лигасының бел­сен­­ділері түрлі номинациялармен ма­ра­патталды. 

Айта кетейік, «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Қайырымды жан – 2017» акциясында өңір­дегі этномәдени бірлестіктер бел­сен­ділік танытқан болатын. Өңір­дегі қо­ғамдық бірлестіктердің жетекшілері акцияға кәсіпкерлерді тарту арқылы жи­налған барлық қаражатты науқас балаларға үлестірген еді. Өкініштісі, бү­гінде облыстық балалар ауруханасында түрлі диагнозбен ұзақ уақыт бойы емделіп жатқан балалар көп екен. Осындай мүмкіндігі шектеулі 5 бүлдіршіннің еміне 900 мың теңге бө­лініп, қаражаттың өте мұқтаж бала­лар­ға берілуін қадағалау үшін Ассам­блея мүшелерінен арнайы комиссия да құрылған.

Нәтижесінде науқасының диагнозына қарай Д.Потаповқа 150 мың, Х.Санахунға 300 мың, ал А.Рысбай мен А.Нұрмағамбеттің әрқайсысына ем-домы үшін 150 мың теңгеден берілді. Ал «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі М.Давришев бір өзі 200 мың теңге көлемінде көмек көрсетіп, аталған акцияға үлес қосқан. Ежелден бейбітшілік пен татулықты, бірлік пен берекені ту еткен еліміздің жомарт азаматтары алдағы уақыттарда да бұл акциядан қалыс қалмай, балалар бақыты үшін барын салуға дайын екендерін жеткізді. 

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы