5 мамыр күні қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы кезекті жекпе-жек өтеді, деп хабарлады Бүкіләлемдік бокс кеңесі.
Бокс әлемінде кезекті көпшілік күткен жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena немесе Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін деп жоспарланып отыр.
Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек өткен жылдың 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.