• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
16 Қараша, 2011

Парламенттің жаңаруы – уақыт талабы

294 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сена­тының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесіп, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы Мәжілістің 53 депутатының үндеуі Президенттің атына келіп түсуіне байланысты консультация өткізді. Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин қатысты. Өз сөздерінде Премьер-Министр мен Парламент палата­ла­ры­ның төрағалары Парла­мент­тің төменгі палатасының Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдады. Мемлекет басшысы депутаттар өз үндеуін бірнеше фак­тор­ларға негіздегенін атап өтті. Біріншіден, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Мә­жі­ліс­те кемінде екі саяси пар­тия бо­луы тиіс. Бұл үшін саяси жүйеде реформа жүр­гізілді. Алғаш рет Орталық Азияда депутаттарды партия­лық тізім бойынша сайлау енгізілді. Президент Қазақ­стан­ның саясатының дамуында демо­кратиялық вектор дәйектілікпен іске асырылуы керектігіне тоқ­тал­ды. Екіншіден, Қазақстан 2008-2009 жылдары күрделі әлем­дік дағдарыстың әсерін бастан кешірді. Елдер мен күллі әлем одан енді ғана шығып келеді, ал бұл кезде әлем­дік экономика әлі де күшті құбылмалы күйде қалып отыр. – Біз Еуропада не болып жат­­қанын, G-20 кездесуінде қан­дай мәселелер талқылан­ға­нын қада­ға­лап отырмыз. Эко­номика тұ­рақ­­танды деп айтуға әлі ерте. Еуропалық Одақтағы оқиғалар бізге де тікелей ық­пал етуде. Еуропа мемлекеттері Қазақстанның тек маңызды серіктесі ғана емес, сонымен бірге біздің тауар­ла­ры­мыз үшін инвестор әрі рынок. Біз оқи­ға­лардың дамуының барлық ық­тимал нұсқаларына дайын­да­луда­мыз. Өткен дағдарысты біз абыроймен еңсердік. Қазақ­стан­да дағдарысты еңсеру жө­нінде ең үздік бағдарламаның бірі жүзеге асырылды, – деп атап көрсетті Мемлекет бас­шысы. Президент Мәжілістің ағым­­да­ғы шақырылымының жұ­мыс кезеңі ауқымды әлемдік дағда­рыс­қа тұспа-тұс келгеніне, жұ­мыс жедел жүргізіл­геніне, қажет­ті шешімдер тез қабыл­дан­ға­ны­на, алайда заң­дар­дың сапасына зиян келмегеніне, сайлау өткенше Сенат Мә­жілістің функцияларын ат­қаратынына тоқталып өтті. Мемлекет басшысы қоғам көп партиялық Парламентті қажет етіп отырғанын атап көр­сетті. Пар­ламенттің жа­ңаруы елде жүр­гізіліп жатқан ауқымды жаң­ғы­р­ту­лар үшін қажет. Бұдан басқа, егер келесі дағдарыс сайлау нау­қанына сәйкес келетін болса, онда ел басшылығының, Үкіметтің және бұл мәселе бойынша өңір­лер­дің жұмысы қиындайды. Депутаттардан сондай-ақ Мәжіліс пен жергілікті өкілдік органы – мәслихаттар сайлауын бірге өткізу туралы ұсыныстар тү­суде. – Аталған мәселе бойынша сіздердің ұстанымдарыңызды ескере отырып, мен Мәжілісті тарату және сайлау өткізу туралы Жарлық жобасын қарастырамын, – деді Мемлекет басшысы. Өмір ЕСҚАЛИ, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.