• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қаңтар, 2018

Иранмен ядролық мәміленің орындалмауы алаңдатарлық ахуалға айналады  - Сергей Лавров

273 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы басталды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» деген тақырыппен өтіп жатыр. Дебатта қырып-жою қаруын таратпаудың маңызды мәселелері қозғалуда. Иранмен ядролық мәміленің орындалмауы алаңдатарлық ахуалға айналады, деп мәлімдеді жиында мәлімдеме жасаған Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

- «Алтылық тобының» бір мүшесі кінәсінен Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеу жөніндегі Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарының орындалмауы алаңдаушылық туғызады, соның ішінде Корея халықтық-демократиялық республикасы мәселесін шешуде. «5+1» тобының бір қатысушысының кінәсінен ЖҚБІЖ орындалмауы Корея жартытүбегіндегі ядролық мәселелерді реттеу келешегімен бірге халықаралық қауіпсіздік архитектурасы үшін алаңдатарлық ахуалға айналады», - деді Сергей Лавров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде.

Сонымен бірге ол Иранмен ядролық мәмілені орнықты дамыту үшін Мәскеудің күш біріктіруге шақыратындығын әрі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарының орындалуын өз жауапкершілігіне алатындығын атады.