• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қаңтар, 2018

Н.Назарбаев Солтүстік Корея мәселесін жылдам әрі конструктивті жолмен шешуге шақырды

271 рет
көрсетілді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Іс-қимылды толықтай қамтитын бірлескен жоспар одан әрі табысты іске асатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын реттеудің маңызы зор екеніне тоқталды.

«Кейбір қатысушылар тарапынан өз міндеттемелерін жүзеге асыруда туындаған қиындықтарға қарамастан Іс-қимылды толықтай қамтитын бірлескен жоспар одан әрі табысты іске асады деп сенемін. Осындай конструктивті тәсілді Солтүстік Кореяның ядролық проблемасын реттеуде де қолдануға болады деп ойлаймыз», деген Нұрсұлтан Назарбаев Корея түбегіндегі қазіргі оқиғалар терең қарама-қайшылықтың бар екенін көрсететіндігін айтты.

Осы ретте Президент Нұрсұлтан Назарбаев мүдделі тараптардың Солтүстік Корея мәселесін неғұрлым жылдам әрі конструктивті жолмен шешуге шақырды.

«Сенім ахуалын қалыптастырудың және Пхеньяннің келіссөз үстеліне оралуының маңызды шарты ретінде «ядролық бестіктің» КХДР-дің қауіпсіздігіне кепілдік беруін жақтаймыз. Мүдделі тараптар қажет еткен жағдайда, Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын», деді Н.Назарбаев.