• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
17 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №61/104

311 рет
көрсетілді

Астана қаласы,     2011 жылғы 16 қараша

Бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 175 Жар­лы­ғы­ның негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (1-қосымша); 2) 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған, бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (2-қосымша) бекітілсін. 2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комис­сия­ла­рына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының   төрағасы Қ.Тұрғанқұлов, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 16 қарашадағы № 61/104 қаулысына 1-қосымша

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған,  бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Толық мәтіні