• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қаңтар, 2018

Франция үкіметі қазақстандық студенттерге 100 стипендия қарастырып отыр – Франция елшісі

286 рет
көрсетілді

Францияның Қазақстандағы Елшісі Филип Мартине қазақстандық студенттерге арналған жаңа білім беру бағдарламасының ашылғанын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Францияның Қазақстандағы Елшісінің айтуынша, 2006 жылдан бері Қазақстан Еуропаның жоғары білім беру жүйесіне қатысып келеді. Алайда бүгінде студенттердің тек 3 проценті ғана Еуропаға барып оқиды. Бұл - тым аз көрсеткіш. Мәселен, қазіргі кезде Франция университеттерінде 310 мың шетел студенттері оқиды. Соның ішінде 35 мың адам - Қытай азаматтары. Ал қазақстандық студенттердің саны 600-ге де жетпейді.

«Бүгін мен «Abai-Vern» бағдарламасының басталатынын ресми түрде жариялаймын. Аталған бағдарлама аясында Франция үкіметі Халықаралық бағдарламалар орталығымен («Болашақ» - авт.) бірлесіп, студенттердің оқуын қаржыландырады. 2018 жылдан бастап 100 стипендия қарастырылған. Соның ішінде 90 стипендия магистратураның 2-курсында оқитындар арасында таратылады. Қалған 10 стипендия докторанттарға беріледі», - деді Ф.Мартине бүгін «International Education Fair 2018» Халықаралық білім көрмесі аясында.

Осыдан кейін елші мырза Абай Құнанбаевтың мұрасы жайында қазақ тілінде айтып берді.

«Ұлы Абай - қазақ xалқының мақтанышы, Лермонтов, Гете мен Пушкинді қазақша сөйлеткен ағартушы, қазақ елінің данышпаны. Ол - Жюль Вернді қазақ оқырманына таныстырған жазушы, дүниежүзінде ең көп аударылған авторлардың бірі», - деп атап көрсетті Ф.Мартине.