• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қаңтар, 2018

Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді

257 рет
көрсетілді

Астаналық энергетиктер аязға байланысты тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен қаланы энергетикамен қамтуға жауапты сала басшылары күннің суытуына орай энергетикалық кешеннің дайындығын тексеру мақсатында жиналыс өткізді. 

Атап өтсек, қаланы электр энергиясымен үздіксіз  қамтамасыз етіп отырған қосалқы станциялар, соның ішінде «Шұбар» станциясы, «Астана РЭК» АҚ орталық диспетчерлік бөлімшесі электр жүйесінің жұмысы тексерілді. 

Жиында  энергетикалық кешендердің басшылары дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндады. Күн тәртібінде тәулік бойы  кезекшілік қою, электр жүйелерінің жұмысын  10 пайызға, жедел бригада жұмысын екі есеге арттыру мәселелері қаралды. 

Сондай-ақ, аяз кезінде жауапты мамандардың тәулік бойы кезекшілік жұмысының кестесі жасалынып, ЖЭО-2 –нің дайындығы да тексерілді. 

Қазіргі уақытта қаламызда 30 тәулікке жететін көмір қоры мен 15 күнге жететін мазут отыны бар.