Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы елімізді жаңғырту жөніндегі шаралар бағдарламасын қамтиды.
Елбасымыздың алысты болжаған көреген саясаты нәтижесінде еліміз биік белестерді бағындырды: Қазақстан 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, жаңа жылдан бастап біздің еліміз оған төрағалық етуде. ТМД елдері арасында бірінші болып дүниежүзілік мамандандырылған ЭКСПО көрмесін өткіздік.
Президентіміз өзінің Жолдауында бізді қол жеткізген биіктерде тоқталып қалмауға шақырады және көкейімізде ертеңгі күнге сенімділікті орнықтырады.
Елбасы Қазақстан дамуының және әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына ену жөніндегі 10 негізгі міндетті біздің алдымызға қойып отыр. Солардың ішінде сегізінші міндет – Тиімді мемлекеттік басқару» ауқымында «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында күнделікті өмірдің ең көкейкесті деген салаларына назар аудара отырып, ел дамуының неғұрлым маңызды бағыттарын ашып көрсетеді. Мұның өзі мемлекет тарапынан қабылданып отырған барлық шаралардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің экономикасын, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталғанын тағы да айғақтап отыр.
Қазақстандық индустрия жаңа технологияны енгізудің бастаушысы болуы тиіс. Бізге бұған өндірістік процестерді цифрландыру және заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өнімділігін арттыру есебінен қол жеткізуге болады.
Банк жүйесін сауықтыру, агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту есебінен қаржы секторының жұмысын көбейтуге байланысты мәселелер де күн тәртібінде тұр.
Заң үстемдігін нығайту және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты жайларға да ерекше назар аударылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда олардың тұрғындармен және бизнеспен өзара әрекетін, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерінің институционалдық қайта құрылымын қамти отырып, процестерді цифрландыруды қажеттілік деп санайды.
Президенттің кезекті Жолдауы елімізді одан әрі жаңғыртудың маңызды ынталандырушысы болып табылады, сондай-ақ әрбір қазақстандық үшін іс-әрекетке басшылық ретінде қызмет етеді.
Марат ТАҒЫМОВ, Парламент Сенатының депутаты