• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2018

Құрметті консул кеңсесі ашылды

360 рет
көрсетілді

Қырғыз Республикасының Талас облысындағы Талас қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы кеңсесінің ресми ашылуы өтті. 

 

Салтанатты рәсімге Қазақстан Рес­­публикасының Қырғыз Респуб­ликасындағы елшісі Айымдос Боз­жі­гітов, Қазақстанның Талас облы­сын­дағы құрметті консулы Сабырбек Жұ­мабеков, Қырғызстан Үкіметінің өкі­лет­ті өкілі – Талас облысының губерна­торы Марат Мұраталиев қатысты.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі С.Жұмабековке оны Қазақстанның Талас облысындағы құр­метті консулы деп тану туралы экзекватураны 2014 жылғы желтоқсанда табыс еткен болатын.

С.Жұмабеков қазіргі кезде Қыр­ғыз­станның Травматология және ор­топедия ғылыми-зерттеу орта­лы­ғына басшылық етеді. Құрметті кон­сул­дың жұмысы Талас облысының бар­лық аумағын қамтиды.

«Егемен-ақпарат»