Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Отырыс барысында Трансформациялау бағдарламасы аясында Қор қызметінің 2017 жылға қорытындысы бойынша есептер тыңдалды, сондай-ақ жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру және Қордың активтерін ІРО-ға дайындау мәселелері талқыланды.