• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2018

Ақтауда «Қауіпсіз қала» жобасы аясында 600 камера орнатылады

360 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде  жиналыс өткізіп, өңірдегі полиция қызметінің өткен жылғы жедел қызметін қорытындылады және алдағы басым міндеттерді қарады, сонымен қатар облыс көлемінде құқықтық тәртіп деңгейін көтеру туралы ұсынымдар берді.

Департамент басшысы Қанат Таймерденов облыс көлеміндегі криминогендік ахуал туралы баяндады.  Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста тіркелген қылмыстардың 13,4%-ға азайғанын атап көрсетті.

Сонымен,бүгінгі күні аймақтағы қарапайым қылмыс деңгейі елдегі ең төменгі көрсеткіш болып отыр және 10 мың адамға шаққанда 88 ғана қылмысты (1 орын) құрайды.

Қылмыстылықтың профилактикасы бойынша мақсатты жұмыстардың нәтижесінде аса ауырқылмыстар саны тиісінше-2% -ға, орташа және аса ауыр емес (небольшой тяжести), тиісінше 15,8% -ға және 22,6% -ғатөмендеді.

Кісі өлтіру саны (40% -ға), ауыр дене жарақаттарын салу (12,8%-ға), зорлау (31%ға), тонау (18,5%ға), бұзақылық (17,4%-ға), басқа біреудің мүлкін ұрлау (13,5%-ға)  азайды.

Барлық қылмыс түрлері, аса ауыр қылмыстар бойынша  -96,2% (93,3%), оның ішінде кісі өлтіру - 90,9% (86,5%), денсаулығына зиян келтіру -97,7% (93,8%),  тонау-89,2% (82,9, тонау - 71,4% (55) , бұзақылық - 73,6% (64,4%), бөтеннің  мүлкін ұрлау - 36,1% (28,3%), соның ішінде ауыр ұрлық - 71,1% (61,7%) , сонымен қатар «ізін суытпай ұстау» бойынша қылмысты ашу көрсеткіші артты.

Алайда, кәмелетке толмағандармен-9,7%-ға, сонымен қатар масаң күйде жасалатын қылмыстардың - 4% -ға өскендігі байқалады.

Жедел жиналыста Ақтау және Жаңаөзен қ. ІІБ-ның, ЖПҚ, ҚАЖД-нің  басшылары есеп берді.

ІІД бастығы қазіргі таңда ішкі істер органдарының қызметтері мен бөліністерінің  материалдық- техникалық базасын күшейту,313 бейнебақылау камераларының қуатын пайдалану арқылы, оның  174-і Ақтау және 139-ы Жаңаөзен қалаларының ЖБО-сына қосылғандығын, «Қауіпсіз аула» жобасы аясында  217 қылмыстың, соның ішінде 60 ұрлықтың ашылғанын атап көрсетті. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жалғасуда, оны іске асыру үшін 600 бейнебақылау камерасын орнатумен «Ақтау қаласындағы CCTV енгізу және қызмет көрсету («Қауіпсізқала») жобасы әзірленуде.

Жиналыс барысында Б.Бисенқұлов ІІД-нің облыстық басқармасы және оның аумақтық бөлімшелері басшыларына қызметтің барлық салалары бойынша, сондай-ақ жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге бағытталған нақты міндеттерді алға қойды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, 

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы