Алматы қаласы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметі өзен өткелдерінде мұз қатуына байланысты су деңгейі көтерілуі ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РМК Алматы филиалының 26 қаңтардағы №7 ескертуіне сүйене отырып, алдағы 27-29 қаңтар күндері Алматы өңіріндегі өзендердің өткелдерінде мұз қатып, су жиналуы және су деңгейі көтеруілуі мүмкін екенін ескертетінін хабарлаған. Айта кетейік, синоптиктер осы апта соңында Алматыда аяз күшейетінін ескерткен болатын. Мамандардың болжауынша, жұма мен жексенбі күндері ауа температурасы күндіз -25, түнде -36 градусқа дейін түседі.