Оңтүстік Қазақстанның «Ордабасы» клубы ресейлік «Краснодармен» жолдастық кездесу өткізді.Бұл туралы «Ордабасы» клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Анталья қаласындағы «Калисто» стадионында өткен екі команданың ойыны тең нәтижемен аяқталды. Баспасөз қызметінен хабарлағандай, команданың қарсыласы «Краснодар» құрамында негізінен жастар өнер көрсеткен. Ойынның бірінші кезеңі қонақтардың басымдығымен өтіп, нәтижесінде ресейліктер қатарынан үш гол салған.
Ойынның екінші кезеңінде «Ордабасы» ойсырата соққы беруге көшкен. Есе қайтарудағы екі голды Еркебұлан Тұңғышбаев пен Абдулай Диакате соқты. Ал, үшінші голдың жағдайына келсек, кезекті шабуыл кезінде Диакатенің тепкен добын қақпашылардың бірі кері қайтарамын деп, абайсызда өз қақпасына енгізіп алды. Осылайша есеп 3:3 нәтижемен тең аяқтады.