• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2018

Астанада жол апатынан 3 адам қайтыс болды

376 рет
көрсетілді

Елордада 3 адам қаза тапқан жол апаты кеше, 26 қаңтар күні сағат 23:00-дер шамасында тіркелген. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«ВАЗ-21705» автокөлігінің жүргізушісі Амман көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай «Toyota Runner» маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал сол көліктегі тағы бір жолаушы ауруханада жан үзді. «ВАЗ» бен «Toyota Runner» көліктерінің жүргізушілері әр түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілген», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған оқиға сотқа дейінші тергеу амалдарының бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді.