• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2018

Өткен жылы Астананың «Есіл» ауданында 25 тұрғын үй кешені қолданысқа берілді

325 рет
көрсетілді

«Есіл» ауданында өткен жылы 25 тұрғын үй кешені қолданысқа берілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

«Есіл» ауданында 445 көппәтерлі тұрғын үй кешені бар, ал «Жағалау» шағын ауданында 50 тұрғын үй кешені бар. Соның 25-і 2017 жылы қолданысқа берілген», деп айтты «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ауданда кондоминиумды тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Тіркеуге жататын 418 көппәтерлі тұрғын үйдің 373-де кондоминиум бар, 45 тұрғын үй кешені тіркеуді талап етеді. Өткен жылы кондоминиумға 73 үй тіркелген.

Көрсетілетін  қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, 2018 жылы осы ауданда орналасқан ПИК жұмысының рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл жұмыс қызмет көрсететін ұйымдарды объективті талдауға мүмкіндік береді.