• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қаңтар, 2018

Биылғы Жолдау болашаққа деген сенімді нығайтады

512 рет
көрсетілді

Ирши ШИМА, шығыстанушы, профессор (Чехия): 

– Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік револ­юция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кін­дік­тері» атты Жолдауымен үлкен қызы­ғу­шы­лық­пен танысып шықтым. Осы орайда Президенттің бастамасымен экономика мен қоғамдық сананың негізгі секторларын жаң­ғыр­ту жүргізіліп жатқан жұмыстардың ар­қа­сында Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді.

Сонымен қатар мені елді цифрландыру шаралары қатты қызық­тырады. Президент белгілеген жаңа міндеттер Қазақстанның дамуы мен оның әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіруі үшін негізгі қадамдар екені сөзсіз.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Президенті Жолдауында айтылған ба­сым­дықтарды жүзеге асыру тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және халықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.