• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Ақпан, 2018

Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының лауреаты атанды

339 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA), Халықаралық бокс федерациясының (IBF) және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының «Жыл боксшысы» аталымында жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Марапаттау рәсімі Сочидегі Халықаралық бокс форумы аясында өтті. «Жыл жекпе-жегі» аталымына Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы айқас лайық деп танылды. «Жылдың айла-тәсілі ең мықты боксшысы» аталымы венесуэлалық Хорхе Линареске бұйырды. «Жыл адамы» аталымын Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) басшыларының бірі Франко Фальчинелли жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар