Кубаның ресми органының хабарына қарағанда, ауыр депрессияға салынған Фидель Анхель Кастро Диас-Баларт соңғы бірнеше ай бойы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болған. «Ғылым докторы Фидель Анхель Кастро Диас-Баларт 1 ақпан күні өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болды», - деп жазады газет. 68 жасында өмірмен қош айтысқан ғалымды кубалықтар әрі еркелете, әрі құрметтей «Фиделито» деп атайтын.
Еске сала кетейік, Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында, 2016 жылдың қараша айында өмірден озған болатын.