• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2018

Затобол поселкесі Қостанайдың қанаттас қаласына айналады

498 рет
көрсетілді

Қостанайдың  іргесіндегі өзімен аттас ауданның орталығы Затобол поселкесі енді  облыс орталығының қанаттас серік қаласына айналатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың  кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Осыдан он жыл бұрын өткен халық санағы бойынша  поселкеде 25 мың адам тұрады. Оған іргелес Заречныйда 10 мың тұрғын бар, Мичуринде қоныс тебетін шағын аудандарда салынатын  үйлерде 5000 пәтер болады, яғни онда тұратын тұрғындар саны да 20 мың болып қалады. Сондықтан аудан орталығын қанаттас серік қала  жасауға толық негіз бар. Инфрақұрылым дайын, Үлкен көпір жөнделді, Корей көпірінің  жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр. Ол дайын болғанда жолдар да кеңейе түседі» деді Архимед Бегежанұлы.

Облыс әкімінің айтуынша, әрине қала жасау оңай емес, көптеген жұмыстарды атқаруға тура келеді.  Жолдарды жасау,  коммуналдық желілерді кеңейту, қуатын арттыру секілді алда қолға алатын жұмыстар қарасы да баршылық.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай