Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты бүгін республиканың басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с-қа жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с-қа артады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Маңғыстау облысында түнде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын және тұман болады. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Қарағанды облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.