БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 4 ақпаны күні 09 сағат 21 минут 04 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.5. MPV магнитудасы - 4.2. Ошағының тереңдігі - 5 шақырым.
Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.