• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 05 Ақпан, 2018

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды

269 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасы теннистен ұлттық командалардың бейресми әлем чемпионаты саналатын Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды. 

2-4 ақпан күндері еліміздің теннисші жігіттері азуын айға білеген Швейцария құра­масын жеңіп, Отан абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.

Швейцария құрамасы Астанаға өз елінің һәм әлемнің үздік теннисшілерінің бірі және бірегейі Роджер Федерер мен Стэн Вавринканы әкел­ме­се де халықаралық турнир­лер­де әбден ысылған, тәжі­рибе­лі ойын­шыларымен кел­ген-ді. Спортшыларымыз өзге ел­дің құрамалары секілді Қазақ­­стан­ның да әлемдік дең­­ге­й­де ой­най алатынын дәлелдеп берді.

Дәл осы турнирдің 2010 жыл­ғы бәсекесінің плэй-офф кезеңінде Швейцарияны Вавринка секілді үздік тен­нис­шісі ойнаған кезде де 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтқа­нымызды жанкүйерлер әлі ұмыта қоймаған шығар. Сол жылы Роджер Федерердің отан­дас­тарын жеңіп қана қой­май, Дэ­вис кубогының әлемдік то­бы­на шыққан едік. Міне, ара­­да сегіз жыл өткенде азулы қар­­­сы­­ласы­мызды тағы да же­ңіп, әлемдік сынның ширек фи­­на­лына жолдама алып отырмыз.

Қазақстан спортшыларына бұл жеңіс оңай келген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері Елбасы­ның әрдайым спортқа көңіл бөлуінің, ұдайы қолдау көр­­сетіп келе жатқаны­ның ар­қа­­­сында оғландарымыз осын­дай айтулы жеңіске жетіп отыр.

Сондай-ақ Словенияда футзалдан Еуропа чемпио­натының «В» тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құра­ма­сының футзалшылары өз тобында бірінші орынмен ширек финалға шықты. Бұл 2016 жылғы біріншіліктегі нәтижемізді жақсартуға тағы бір тамаша мүмкіндік. Екі жыл бұрын отандастарымыз үшін­ші орын иеленген болатын.

Сөйтіп бұл саңлақтарымыз төрге озған күн болды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»