• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2018

Басымдықтар өміршеңдігімен ерекшеленеді

316 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашы болған республикалық Бірыңғай күн аясында Елбасының биылғы Жолдауын талқылау мақсатында елордадағы Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен жастар қатысқан жиын өтті. 

Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшы­лығы мен Астана қаласы әкімдігі жанын­дағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қолдауы­мен өткен шарада Елбасының биыл­ғы Жолдауындағы негізгі басым­дықтар, сондай-ақ этносаралық үнқа­тысуды қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі кеңінен сөз болды.

Жиында Астана қалалық ҚХА хат­шы­лығының меңгерушісі Л.Құ­сайынова: «Президент өз Жол­дауындағы жетінші бағытта ел бірлігін нығайтудағы негізгі бас­ты міндеттердің бірі адам каптиалы туралы атап өтті. Бұл ретте Елбасының Қазақстан жастары­ның үш тілді меңгеруіне баса назар аударғанын ескеруіміз қажет. Өйткені үш тілді меңгеру адам капиталын дамытудың негізгі бағыты болып табылады», деді.

Астана қалалық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы В.Салахов өз кезегінде Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміз дамып, әлемдік деңгейдегі жетекші мемлекеттер тарапынан лайықты бағасын алғанын айта келіп, «Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы халықты біріктіру­ге бағытталған. Сондықтан біз Елбасы Жолдауын қолдауға және оны іс жүзінде тиянақты орындауға тиіспіз. Әлем қазақ халқын ежелден келе жатқан қарапайымдылығы мен даналығына байланысты құр­мет тұтады. Мұндай лайықты құр­метке біз Президентіміздің бас­шы­лығы арқасында қол жеткіздік. Сондықтан Елбасының Жолдауына қолдау білдіріп, адал ниетпен талмай еңбек етуіміз қажет», деген ойын жеткізді.

Астана қалалық ҚХА Қоғам­дық келісім кеңесінің төрағасы, Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұл­т­тық уни­верситеті халықаралық қа­ты­настар факультетінің профес­соры Ә.Әлпейісов: «Қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революцияны сөз етер болсақ, онда біз шикі­затқа деген қызығушылықтан алшақтап, өндірісті қарқынды дамы­т­уға басымдық беруіміз керек. Соның нәтижесінде шикізатқа тәуел­­ді болмай, белгілі бір жетіс­тік­­терге қол жеткіземіз. Әрі өнді­ріс­­тік революция негізінде өз өмі­рі­­мізді жақсарта аламыз», деді.

Сонымен қатар басқосуда «Тұран-Астана» университеті эко­но­­мика кафедрасының профес­соры, Астана қалалық ҚХА ғылы­ми-сарапшылық тобының мүше­сі О.Әлиев, Астана қалалық ҚХА төр­ағасының орынбасары, «Ван» ар­мян этномәдени бір­лес­­­ті­­­гінің же­тек­­шісі С.Салу­мян, ҚХА мүшесі, Астана қала­лық «Вайнах» этно­мә­­­де­ни ор­та­лы­­ғы­­­ның төрағасы С.Героев, «Қазақ­­­­стандағы ұйғырлар­дың республикалық этномәдени орта­лығы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Абдусаламов сөз сөйле­ді. Олар Н.Назарбаевтың «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жолдауының ма­ңы­зды істердің тиянақты орындалуын міндеттеген стратегиялық құ­жат болып саналатынын, сондық­тан баршамыздың Жолдауда атап көрсетілген міндеттерді орындауға белсене атсалысуымыз қажеттігін, алдымызда Елбасы айқындап берген он бағытта жұмыла жұмыс істеу міндеті тұрғанын сөз етті.

Сондай-ақ басқосуға қатысушы­лар биылғы Жолдаудың жастарды қолдауға бағытталғанын, осы орайда жастарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын, әсіресе олар ин­­дустрияны цифрландыру және жаңа технологияны енгізу ісі­не белсенді түрде атсалысуы керек­­тігін атап көрсетті. Жиында сөз ал­­ған этностар өкілдерінің ай­туын­­­ша, тағдырдың талайымен Қа­зақ­стан жеріне келген кезде және одан кейін де өздеріне әрдайым қол­­дау көрсетіп келе жатқан қазақ халқы­ның тілі мен тарихын білу маңызды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»