• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2018

Астанада қаңтарда 700-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

119 рет
көрсетілді

Осы жылдың қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесімен 1673 адам жүгінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 1673 адамның 661-і жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

«Тұрақты жұмысқа – 302, әлеуметтік жұмыс орындарына – 4 адам орналастырылды. 349 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 6 адам «Жастар тәжірибесі» бойынша тағылымдамадан өтетін болады», – деп жазылған таратылған хабарламада.

Қаңтар айында елордада 1090 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 25-і құрылыс саласында, 71-і білім беру саласында, 19-ы бөлшек сауда саласында және 970-і бизнес пен басқа салаларда құрылды.

Айта кетейік, «Электронды еңбек биржасы» (www.enbek.kz) порталында бүгін 4501 бос жұмыс орны бар.