Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.