Орталық коммуникациялар қызметінде «Іскер азамат – ел тірегі» атты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа бағыты және «Атамекенім» акциясының таныстырылымына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев, «Атамекен» ҰКП Бизнес-коммуникацияны мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев, «El Tiregi» шағын және орта бизнес бірлестігінің басқарма төрағасы Мирхат Мұсанап және «Бастау Бизнес» жобасының бизнес-тренері Азамат Маханалин қатысты.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылдың қыркүйек айында республикалық деңгейде ауқымды қозғалыс – әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын «Атамекенім» қайырымдылық акциясын бастап кетті. Айта кетсек, аталған акция қызу қолдау тауып, кәсіпкерлер ауыл тұрғындарына, мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсетуде.
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай туған жерді қолдау мақсатында «Атамекенім» акциясы қолға алынды. Оның негізгі мақсаты – әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. Жомарт жандардың еңбегін көрсетіп, өзгелерге үлгі ету, әлеуметтік жауапкершілікті насихаттау», деді «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев.
«Атамекен» ҰКП Бизнес-коммуникацияны мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» жобасын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.
«Бүгінде «Бастау Бизнес» жобасының 2017 жылғы жоспары толықтай орындалған. Білім алған 15 мың қатысушының 56 пайызы, атап айтқанда 8285 қатысушы бизнес-жобасын қорғады. Ал оның ішінде 3314-і жеке кәсіп ашты, кәсібін өрістетті. Былтыр «Бастау Бизнес» 80 ауданда жүргізілсе, биыл 160 ауданды қамтиды. Осы ретте қажетті бизнес-тренерлердің пулын дайындап жатырмыз», деді Б.Оразғалиев.
Сонымен қатар ол «Атамекен» ҰКП мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнін енгізуді ұсынғанын жеткізді.
«Білім және ғылым министрлігі бұл бастаманы қолдады. Министрлікпен бірлесіп оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған пән 2018 жылы элективті негізде енгізіледі. Қазіргі таңда әр өңір бойынша мектептерде пән жүріп жатыр. Оқушылардың қабылдауы мен қызығушылығы жақсы. Бұл пәннің әдістемесі «Бастау Бизнес» жобасы мен шетелдік тәжірибе негізінде дайындалды. Жалпы пән элективті түрде мектеп бағдарламасына енгізіліп отыр, яғни мұғалімдер мен ата-аналар келісе отырып, бұл пәнді таңдау бойынша оқу бағдарламасына қоса алады», деді «Атамекен» ҰКП Бизнес-коммуникацияны мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»