• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2018

Маңғыстаулық тәртіп сақшыларына Жолдау түсіндірілді

547 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын  қолдауға  арналған жиын өтті.

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Бөкен Бегерұлы Жұмағали  жеке құрам алдында  тәртіп сақшыларына Елбасы  Жолдауындағы үлкен міндеттерді шешу жолында үлкен де, жауапты жұмыстар күтіп тұрғандығын атап көрсетті. Биылғы Жолдау еліміздің  төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамуын бағытталды. Елбасы  халқымыз іске асыруға тиісті 10 міндетті алға қойды. Аталған міндеттерді іске асыру  әлемдегі озық 30 елдің қатарына енуімізге нақты қадам болып табылады.

Бөкен Жұмағали  Жолдаудың  барлық басымдықтарын айта келіп, ішкі істер органдарына қатысты міндеттеріне тоқталды:

- Көлік-логистикалық инфрақұрылымының тиімділігін арттыру басымдығында тұрақты негізде жолдарға тексеру жүргізу қажет, жергілікті атқарушы органдарға көлік қатынасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу және көлік инфрақұрылымы мен жол құрылысы аясында атқарылатын жұмыстарға сапалы бақылауды қамтамасыз ету.

Қызметте заманауи технологияны енгізу бойынша Жолдауда айтылғандай, салынып жатқан және қазірдің өзінде инфрақұрылым объектілері инттелектуалды басқару жүйелерімен жарақтандырылуы қажет. Бұл ретте инттелектуалды басқару жүйелерінің құрамдас бөлігі ретінде «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша қызмет жасайтын бейнебақылау камералары дамытылуы тиіс. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек.

Басшы сонымен қатар, «Адами капитал – жаңғыртудың негізінде» атты басымдығына ерекше тоқталды. Оның айтуы бойынша, білім жүйесіндегі негізгі міндет интеллектуалдық қабілеттер, жаңа білімдерді игеру және жаңа жағдайларға бейімделу болуы тиіс, Бүгінде қылмыс әлемі жетілді, технологиялар өзгеруде, осыған байланысты полицейлерден көп білімді, IT саласындағы жұмыс дағдылары бойынша талап етілетіндігі туралы  айтып өтті.

Елбасы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғаса беретінін атап көрсеткен болатын, осыған орай облыстың  ішкі істер  органдарында да   жемқорлықпен күрес бойынша жұмыстар басшылық бақылауында тұр. Бүгінде полицейлер жаңа заңнама бойынша қызмет етуде,  заңнама мен өзгерісте ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жиын соңында қатысушылар Елбасы Жолдауын қолдап,  көрсетілген міндеттер бағытында жұмыстана беретіндіктерін білдірді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

  «Егемен Қазақстан»

   Маңғыстау облысы