• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Ақпан, 2018

Илон Маск ғарышқа ұшырылған автомобильдің соңғы фотосын жариялады

576 рет
көрсетілді

SpaceX және Tesla компаниясының басшысы Илон Маск ғарышқа ұшырылған алғашқы автомобилінің суретін өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Сонымен бірге бұл  «Марс орбитасы мен астероидтар белдеуіне жолданған Starman-ның соңғы фотосы», - деп жазды ол. Starman –  осы автомобильдің рөлінде отырған, скафандр киген қуыршақ.  Илон Маск бір сөзінде бұл электроавтомобильді тек қызық үшін ғарышқа ұшырғанын және басқа ешқандай мақсаты болмағанын айтқан.

Машинаның бір бөлігінде «Жер планетасындағы адамдар жасаған» деп жазылған ақпарат бар.

SpaceX  және Tesla компаниясының басшысы Илон Маск кеше Falcon Heavy деп аталатын әлемдегі ең ауыр зымыранын ғарышқа ұшырған болатын.