• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2018

Карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы халықаралық байқауда «2017 жылдың үздік суретшісі» атағын жеңіп алды

496 рет
көрсетілді

Бейжің қаласында өткен «Best humor artist award – 2017» халықаралық байқауында «Егемен Қазақстан» газетінің суретшісі, карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы «2017 жылдың үздік суретшісі» атағын жеңіп алды.  

Әлемнің шартарапынан жүздеген суретші қатысқан бай­қауға әр қылқалам шебері жүз суретін жіберген. Солар­дың арасынан жиырма же­ті адам үздік деп баға­лан­ған. Жүлдегерлер ара­сында Адриан Палмас (Ар­гентина), Алексей Тали­монов (Ұлыбритания), Ас­­кин Айранчиоглу (Түркия), Корнел Чиореан (Румыния), Дарко Држевич (Черногория),  Эмилио Иска (Италия), Эрай Өзбек (Түркия) Фируз Ку­талмиш (Норвегия), Капуста Николай (Украина), Махмуд Бархордар (Иран) секілді қылқалам шеберлері бар. Бір қызығы, Қытайда өткен бұл байқауда жүлдегерлердің арасында бірде-бір Қытай азаматы жоқ. Мультипликаторлар федерациясының халық­ара­лық ұйымы ұйымдастырған байқауда әлемнің үздік суретшілері төрелік еткен. Карикатура – қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға сы­ни-әлеуметтік көзқарасты білдіретін өнер. Соңғы уақыт­тар­да карикатура орындалу жағынан да біршама дамып, өз өкілдеріне де жоғары талап қоя бастаған. Иран, Түркия, Қытай, Италия, Польша, Бельгия, Әзербайжан, Хор­ватия сияқты мемлекеттерде өте жақсы дамыған бұл өнер­дің түрінен жылына бір­неше үлкен конкурс­тар ұйымдастырылады. Мың жарым адамға дейін қатысатын бұл сайыстарда үздік жүздікке кірудің өзі үлкен жетістік. Ай­дарбек Ғазизұлы қазақ карикатурашыларының ішінде әлемдік сайыстардан жүлдегер болып жүрген санау­лы өнер иелерінің бірі. 

Айдарбек Ғазизұлының кезекті жеңісімен құттықтап, мол шығармашылық табыс тілейміз!

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»