• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2018

ІІМ кинологтарды оқыту курсын бастады

285 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталығының базасында америкалық нұсқаушылардың қатысуымен кино­лог­тардың жұмыс қағидатымен таны­су бойынша оқу курстары бастал­ды. Бұл курстар кинологиялық бөлі­ніс­тер­ге қызметке орналасқан жас қыз­мет­кер­лерді қызметтік-іздестіру итте­рі­мен есір­ткілерді іздеуге дайындауға бағ­ыт­талған.

Оқу курсының ашылуында ха­лық­ара­лық есірткіге қарсы күрес жат­тық­тырушысы Кристофер Кент осы іс-шара АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Әскери ынтымақтастық бөлімі басшылығымен ресми кездесулер барысында ұйымдастырылғанын, АҚШ Қорғаныс министрлігінің Есірткіге қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

Курс аяқталғаннан кейін киноло­гия­лық бөлініс қызметкерлеріне біліктілік арт­тыру курстарын аяқтағаны туралы сер­тификат беріледі.

Соңғы жаңалықтар