• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2018

Жолдау баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдырады

288 рет
көрсетілді

Алматыдағы өнер ошақтарының ішіндегі ең іргелі шығармашылық екі ұжым – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен мемлекеттік «Салтанат» ән-би ансамблі толық құрамда біріге отырып, оркестрдің үлкен концерт залында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылады. 

 

Бүкіл әлем қарқынды дамытып жатқан технологиялық революциядан Қазақстан да тысқары тұра алмайды. Әлемге тән өзгеріс – қазақстандықтарға да тиесілі. Ақпараттық-ком­муникациялық технологиялар саласындағы еңбек өнімділігін арттырып, қалыпты ырғақпен дамыта түсу үшін нақты шаралар бүгіннен бастап қолға алынуы тиіс. 

Ұлттық өнерді дамыту жо­лын­да айырықша еңбек сі­ңі­ріп келе қос ұжымның да бас­­шылары осы тұрғыда сөз алып, Мемлекет басшы­сы­­­ның Жолдауында назар ауда­­ры­лып отырған бар­лық ба­сым­­­дықтардың маңы­зы­на тоқ­талды. Мемлекеттік «Сал­танат» ән-би ансамблінің дирек­­торы Мақсат Закиров ор­­тақ мақ­сат жолына жұ­мыл­ды­­ра­тын биылғы Жолдаудың екі ұжым­­ның да азаматтарына зор жауап­кершілік жүктейтінін айтты. «Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударғаны халқының бар қадір-қасиетін бойына жина­ған ұлттық рухын көр­сет­ті. Алдағыны болжап, ер­тең­гісін ойлайтын, қазақ­стан­дық­тар­ды, бүкіл мемле­кет­ті әлемдік өр­ке­ниетке жете­лейтін  көреген бас­шы, саяси қай­раткер, тарихи тұлға еке­нін тағы бір дәлелдеді», деді Ма­қ­с­ат Демешұлы.  Балет бишісі Денис Витчен­ко болса, еліміз дамуы­ның ендігі кезеңі үшін бұл Жолдаудың нақты іс-әрекет­терге орайлас­тырылған бір­тұ­тас ұлт болу қада­мымыз­ды айқындай түсе­тін қуатқа ие құжат екенін жет­­кізді. Қазақстан дамуының ба­рлық көкжиегін кеңейте түсе­тін бұл Жолдаумен әр­бір адам  мұқият танысып, өзін­ше зерделеуі тиіс. Ол өз әріпт­ес­терін Елбасы белгілеп берген негіз­гі он міндеттің орындалуы­на атса­лысып, оған толық қол­дау біл­діруге шақырды. 

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ