Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтардың бар-жоғы анықталуда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта қазақстандықтардың бар-жоғы (ұшақ жолаушылары арасында - авт.) туралы мәліметтер жоқ», - деп атап өтті Әнуар Жайнақов.
Айта кетейік, бүгін Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті.