• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Ақпан, 2018

Дәурен Абаев әлемдік үкімет саммитіне қатысты

298 рет
көрсетілді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан VI Әлемдік үкімет саммиті аясында, бірқатар шетел үкіметтерінің өкілдерімен кездесулер өткізді.

Министр сапар шеңберінде II «Бақытты жаһандық диа­лог» атты жұмыс кездесуіне қатысты. Іс-шара барысында азаматтарға сапалы мемлекеттік және әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар БҰҰ-ның «Тұтастық көзқарас» бағытына қол жеткізу үшін әлемдік ынтымақтастықты күшейту қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің маңыздылығы да аталып өтті.

Форумнан кейінгі кездесулерде жасанды интеллект пен жа­һандық цифрландыруға қа­тыс­ты түйткілдер талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша Коста-Рика, Португалия, Сло­вения, Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері және Мексика мемлекеттерінің біріккен «Бақыт­тың коалициясын» құру туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, Д.Абаев БАӘ-нің Бақыт және өркендеу мәсе­лелері жөніндегі министрімен екі­жақ­ты кездесу өткізді. Та­рап­­­тар ақпараттық-комму­ни­­ка­циялық технологиялар мен цифрлы қызметтер сал­асын­дағы бірлескен жобаларды іл­герілету туралы келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастық орнату мәсе­лелері талқыланды.

Дубайда өтіп жатқан биыл­ғы Әлемдік үкімет саммиті «К­еле­шектегі үкіметтерді өзгер­ту» ұранын ұстанады. Саммит  бүкіл әлемде болашақ үкіметті қалыптастыруға арналған жаһан­дық тұғырнама саналады. Жиын барысында жыл сайын адамзат алдында тұрған про­б­лемаларды шешу үшін инновациялар мен технологияларды қалай пай­далану керек екеніне баса назар аудара отырып, үкіметтің ке­лесі толқынына өзекті міндеттер қойылады.

Сондай-ақ мемлекеттік қыз­мет, басқару және инновация сала­сындағы болашақ үрдістер талқыланады. Жыл сайын саммитке 130-дан астам елдің мемлекет басшылары, саясаткерлер, ғалымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысады. Саммитте тәжірибе алысып, инновациялық жаңалықтарды бөлісуге, тұрақты байланыстар орнатуға мүмкіндік мол.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»