17 ақпанда елордада жыл сайын өтетін «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі бастау алады. Дәстүрлі шаңғы жарысына 2000-нан астам адам қатысады деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі аясында қатысушыларшаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, және мотокросс сынды спорттың бірнеше түрінен әр түрлі жас санатында күш сынасатын болады. Спорттық жарысқа 12 жастағы жасөспірімдер мен 60 жастан асқан азаматтар қатыса алады.
«Дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалі елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға болып саналады. Ол отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.Фестиваль қатысушылары Астананың Триатлон саябағында сағат 10:00-ден бастап тіркелуі тиіс», - делінген хабарламада.
Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі сағат 11:00-ге белгіленді.