• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2018

Атырауда дау туғызып келген «Сасық сай» жабылады

312 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру жиынында Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов айтты. КТС құрылысы жобасы облыс орталығының сол жақ бөлігінің кәріз суын тазарту проблемасын шешеді. КТС алдағы жылы пайдалануға беріледі, -деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жоба құны 10,1 млрд.тенге. Қаланың сол жақ бөлігіндегі кәріз суын тазарту құрылғылары кешені Атырау қаласының оңтүстік,  оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасады. Бір айта  кетерлігі, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін тұрғындардың бірнеше жылдар бойы шағымдарын туғызып келген «Сасық сай»  жабылады. Кешенде бас кәріз станциясы, тазартылмаған судың құрастырмалы коллекторы,  кәріз суын тазарту құрылғысы алаңы, булану алаңы мен биологиялық тоған алаңы болады. 

Құрылыс өткен жылдың аяғында басталды. Қазір біраз бөлігі салынды: өндірістік, тұрмыстық ғимараттар блогы, көлікжай,  ауаөткізгіш станция, жылу қазандығы, хлорлағыш,  балшық сорғыш станция, дренаж сорғыш станция, темірбетон қоршау,  өткел жол. Тік жоспарлау ішінара аяқталды.  Күш сорғы станциясы, дренаж сорғы станциясы, қабатты, айналма дренаж, өткел,  темірбетон қоршау, кірмежол нақты шығарылды. Кешен қуаты  тәулігіне  70 000 куб метр  су. Пайдаланылған суды тазарту кезең кезеңмен механикалық және биологиялық әдіспен жүргізіледі. 

-2016 жылы аймақ басшысы Атырау қаласының сол жақ бөлігінде кәріз суын тазарту қондырғылары проблемасын шешуді тапсырды-деді Серік Шапкенов.-Құрылыс 1978 жылы салынған, содан бері күрделі жөндеу болмаған. Ағын су булану алаңына жетпес бұрын тазартудың толық сатысынан өтпейді. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды, егер төтенше жағдай болса, түгел қала лас судың астында қалар еді. Қазір осы проблеманы шешіп жатырмыз, қаланың оң жақ бөлігінде КТС құрылысының ЖСҚ жасалып жатыр. 

Айта кетейік, 2016 жылы 4 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев селекторлық жиналыста кәріз суларының су тарту жүйесінің жағдайын жайлап әрекет ететін «бомбаға»  теңеп еді. Аймақ басшысы қала билігіне бұл проблеманы барлық ресурстарды іске қосып,  шешуді тапсырды.