• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2011

Тәуелсіздік тойына тартуымыз

326 рет
көрсетілді

Қазақ баспасөзінің қарашаңыра­ғы «Егемен Қазақстан» газетін білмейтін көзі қарақты оқырман жоқ де­сем, жаңсақтық бола қоймас. Ға­сыр­ға жуық тарихы бар осы аға ба­сылымды менің де серік етіп келе жат­қаныма ұзақ жылдар болды. Сал­мақты басылым­дағы салмағы басым дүниелерді, әсі­ресе, орта жасты ал­қымдаған біздің буынның сүйіп оқитынына еш шүбә келтірмеймін. Қай кезде де халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын іргелі ба­сы­лымның болашағы жарқын бо­ларына үміт зор. Осыдан екі-үш жыл бұрын алаш арыстары іргетасын қалаған бұл газеттің тоқсан жылдық торқалы тойына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы келуі ата басылымға деген құрметтің белгісі болды. Сондай-ақ оның таралымының жыл санап артып келе жатқандығы да оған деген оқырмандардың ыстық ықыласының арта түскенін білдірсе керек. Әрине, бұл ретте газет басшылығы мен ондағы журналистердің ерен еңбектерін де айтпай кетуге болмайды. Олардың күндіз-түні оқырмандар үшін игі жұмыстар жасап жатқан­ды­ғының арқасында газет таралы­мы­ның өсе түскендігі тікелей еңбекке байла­нысты екенін айтқан абзал. Мен мұны кәсіпкер ретінде, еңбектің қадірін бір кісідей түсінетін жан ретінде айтып отырмын. Бүгінде оқырмандарын елдің тыныс- тіршілігімен, сондай-ақ айына бір рет жарық көретін танымға толы «етжеңді егеменімен» қауыштырып отырған газет таралымының көбейе беруіне ниеттестігімді білдіріп, ел газетіне еліміз Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерекесі құрметіне ұжымымыз­дағы елу қызметкердің келер жылға жазылып, белсенділік танытқанын айтқым келеді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді деген сенімдемін. Үмбет ЖҮСІПБАЕВ, «Иассы» консорциумының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы.