• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Ақпан, 2018

Павлодар облысында кәсіпорындарды жаңғыртуға 200 млрд теңге инвестиция жұмсалған

324 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың 16-шы ақпан күні өткен тұрғындармен есептік кездесуінде айтылды. 

Өңірде Индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа өндіріс орындарын іске қосу бойынша да жұмыстар жалғасуда. 

Өткен жылы жалпы көлемі 190 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылса, 500 жұмыс орны ашылыпты. Бұлардың қатарында Ақсудағы «ДАНиЕР», Екібастұздағы  «Alef trade» және «Evooil Kazakhstan»,  облыс ортылығындағы «КиК Павлодар», «Giessenhause» кәсіпорындары бар.  Облыс әкімі Б. Бақауов  «Мұнай-химия зауытын» жаңғырту жобасы- мотор майларын К-4, К-5 экологиялық талаптар стандарттарына сай өндіруге мүмкіндік бергенін атап өтті.

- Өткен жылы өңірге 494 млрд теңге инвестиция тартылды, - деді өңір басшысы. – Облыстың инвестициялық әлеуетін арттыру үшін  «Павлодар» экономикалық аймағын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсат – алюминий кластерін дамыту. Сонымен бірге өңірде жаңа инвесторларды тарту, облыстың инвестициялық имиджін жетілдіру, «бір терезе» принципі бойынша қолданыстағы инвесторларды қолдау мақсатында Инвестициялар тарту агенттігі құрылды. Мысалы, облыстық Инвесторлар кеңесі, өңірлік ғылыми-технологиялық орталық, ЭКСПО-2017 аумағында «INVEST IN PAVLODAR» облыстың инвестициялық көркемдік көрме орталығы жұмыс істеді.  Нәтижесінде 182 компанияның өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар