• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 19 Ақпан, 2018

Йошиказу Судзуки: Қазақстан – мақсаты айқын ел

411 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда төртінші өнеркәсіптік революция туралы көп айтылып жүр. Бірақ осы құбылысқа сәйкес ұзақ мерзімді даму стратегияларын белгілеген мемлекеттер аз. Міне, осы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімделу мақсатында өз жоспарын нақтылаған мемлекеттер арасында Қазақстан да бар.

Менің ойымша, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму стратегиясына негізделген биылғы Жолдауында атап көрсетілген 10 міндетке әлемдік қоғамдастық назар аударуы тиіс. Осы орайда аталған 10 міндеттің мазмұны бойынша келесі екі мәселені атап өткім келеді.

Біріншіден, Жолдаудағы 7-міндетте адам капиталын дамыту қажеттілігі егжей-тегжейлі сөз болған. Бұл жерде инновациялар жаңа технологиялар арқылы емес, адамдардың жүзеге асыруымен жасалатындығы ескеріліп отыр. Екіншіден, барлық 10 міндетте мемлекеттің атқаратын рөлі анық көрсетілген. Менің ойымша бұл өте дұрыс. Себебі экономикалық жаңару барысында мемлекет белсенді рөл атқаруы керек, сонымен бірге кәсіпкерлердің тәуелсіз қызметіне, олардың бастамаларына кедергі жасамауы керек.

Әлемдік қоғамдастық Жолдаудағы 10 міндеттің ойдағыдай іске асырылуын үлкен қызығушылықпен бақылайтын болады.

Йошиказу СУДЗУКИ,

Токио шетел тілдері университеті Жаһандық зерттеулер институтының профессоры (Жапония)