• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Ақпан, 2018

Физули Меджидли: Түркі әлемі үшін – маңызды қадам

343 рет
көрсетілді

«Әзербайжан» қоғамдық телеарнасының Орталық Азия бойынша өкілі Физули Меджидли латын әліпбиінің жаңартылған нұсқасына қатысты пікір білдірді.

"Латын қарпіне көшу біз үшін де өте маңызды оқиға жә­не осы айтулы оқиғамен Қазақстанды құттықтағым келе­ді. Қазақстан Түркия, Әзер­бай­жан, Түрікменстан және Өзбек­станнан кейін латын графика­сын қабылдаған бесін­ші мемлекет болып саналады. Қазақстан кириллицаға негіз­дел­ген әліпбиді пайдаланып келді. Сондықтан бұрын бір-бірі­мізді түсіну қиынға соғатын. Ен­ді көп дүниеде түсінісу оңай болмақ. Алдағы уақытта Түр­кия мен Әзербайжандағы миллиондаған оқырмандар қазақ тіліндегі дереккөздерді оңай пайдалана алады. Сонымен қатар ғасырдан астам уақыт бұрын Баку қаласында өткен Бірінші түркологиялық съезде зиялы қауым өкілдері бір-бірін аудармашының көмегінсіз түсінгенін естен шығармау қажет. Латын қарпіне көшу түркі әлемін біріктіру жолында маңызды қадамға айналады деп сенеміз. Сондай-ақ бүгін қабылданған әліпбидің алдыңғы екеуіне қарағанда тиімді әрі қолдануға ыңғайлы екендігін атап өткім келеді", дейді ол "Егемен Қазақстан" газетіне берген пікірінде.

Соңғы жаңалықтар