• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Ақпан, 2018

Мәулен Әшімбаев партияның елордалық активімен кездесті

397 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Астана қаласының әкімі, партия қалалық филиалының төрағасы Әсет Исекешев бастаған партияның елордалық активімен кездесті. Басқосуда Мәулен Әшімбаев партия қызметін жаңғырту және оны жүзеге асыру тетіктеріне кеңінен тоқталды.

Партияның өңірлік бөлімдері арасында Астана қалалық фи­лиа­лының алар орны ерекше. Өйт­кені Астана – еліміздің бас қала­сы ғана емес, халықаралық мәсе­лелер талқыланатын алаң және Қазақстанның мәдени, ғылыми, ин­новациялық орталығы. Одан бө­лек, елордамыз бүгінде жедел әрі қар­қынды өсіп келе жатқан елі­­міз­дегі ірі мегаполистердің бірі.

Кездесу барысында Мәу­лен Әшімбаев Елбасы, партия Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отанның» қызметін жаң­ғыр­ту жөніндегі тапсырмалары мен алға қойған міндеттеріне ерек­ше назар аударды.

Партия Төрағасының бірін­ші орынбасары одан әрі Елба­сы тап­сырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау үшін нұротан­дық­тарға білек сыбанып жұмыс істеу керектігін айтты. Ол үшін ең ал­дымен партия қызметін бюро­кратиялық жүйеден арылтып, жаңа жұмыс тәсілін түзу қажет. «Нұр Отан» өз жұмысын 

заманауи, ашық әрі креативті саяси бірлестік ретінде жүргізуі тиіс. Пар­тия ұйымдастырған барлық іс-шара жүйелі, тиімді және қо­ғам үшін пайдалы болуы ке­рек. Жа­ңа жұмыс тәсілі мен үл­гісі, цифр­лы технологияны ен­гізу, жас­­тарға, мүмкіндігі шек­теулі жан­­дарға, ардагерлерге және зей­нет­­­керлерге қолдау көрсету – партия қызметінің бір бөлігі ғана. Со­ны­­­мен бірге партия жұмысының пай­дасын шағын және орта бизнес өкіл­дері мен инновация саласында еңбек етіп жүрген жандар да сезінуі тиіс.

– «Нұр Отан» партиясына елі­міздегі саяси, экономикалық және ру­­хани жаңғыру жұ­мыс­тарына жү­йелі түрде қатысатын стра­те­гиялық күш болып қалып­тасу мін­деті жүктеліп отыр. Бұл – өте ау­­қымды әрі жауапты миссия. Сон­­дықтан партияны Елбасының ұйым­­дық, саяси, идеологиялық және креативті орталығына ай­нал­­­дыру мақсатында барша нұр­­отан­­дықтар күш біріктіріп жұмыс істеуі керек, – деді Мәулен Әшім­баев.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бі­рін­ші орынбасары астаналық әріп­тес­терінің назарын бас қаладағы қо­ғамдық-саяси жағдайды үнемі ба­қы­лауда ұстап, халықты алаң­дат­қан мәселеге қатысты жедел әре­кет ету керектігіне аудар­ды. Сон­­дай-ақ сайлауалды бағдар­ла­­ма­ны жүзеге асыру әрдайым пар­­­тия жұмысының басым бағы­ты болып қала беретініне де тоқ­тал­ды.

– Біздің басты міндетіміз – ел­дің мүддесіне жұмыс іс­тей­тін ХХІ ғасырдың заманауи, тиім­ді, инновациялы, жоғары тех­но­ло­гиялы партиясын құру. Сон­­дық­тан нақты жұмыстарға ба­сым­­дық беруіміз керек, – деді М.Әшім­баев.

Жиын барысында қала басшысы, партияның Астана қалалық филиалының төрағасы Әсет Исекешев партия қызметін жаң­ғырту бастамасына қолдау біл­дірді. Сондай-ақ ол қалалық филиал жұмысын «қайта жүктеу» бағы­тындағы жоспарларымен бөлісті.

 * * 

Сондай-ақ кеше Елбасы, «Нұр Отан» пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шеші­мімен Тама­ра Дүйсенованың пар­тия хатшысы қызметіне тағай­ындалғаны мәлім болды.

Орталық аппарат ұжымына жаңа хатшыны таныстырған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшім­баев Тамара Дүйсенованың мемле­кеттік қызметте және бас­шылық лауазымда тәжірибесі мол екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол Ел­басының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

– Сіздің әлеуметтік саладағы бай тәжірибеңіз партия жұмысына игі әсе­рін тигізеді деп есептеймін. Себебі әлеуметтік мәселелерді шешу «Нұр Отан» партиясының басым ба­ғыт­тарының бірі болып сана­лады. Сіздің партия қатары­на келуіңізбен осы бағыттағы жұ­мы­сымызды одан әрі күшейтеміз деп сенемін, – деді Мәулен Әшімбаев.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»